Жаңалықтар

Шымкент Жаңа жыл қарсаңында тұрғындар мен қонақтарды таңғалдырды

Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Осы қыста Шымкент күтпеген жерден әлеуметтік желілерде елдегі ең көп талқыланған қалалардың біріне айналды.

Пайдаланушылар миллион адам тұратын қаланың мерекелік безендірілуі түсірілген бейнежазбалар мен фотосуреттерді жаппай бөлісіп, қаланың адам танымастай өзгергенін айтып жатыр.

Қала тұрғындарының ерекше назарын Жаңа жылдық басты шырша мен ауқымды иллюминация аударған. Кей қолданушы «бюджеті ғарыштан да көрінеді» деп әзілдесе, кейбіреулер Шымкент әлемдік мегаполистерден кем түспейтіндей көрінетінін жазады. Пікірлерде шыршаны Нью-Йорктегі шыршамен салыстырып: «Шымкентте қыс жоқ, бірақ мереке бар» деп қалжыңдайды.

threads.com/@adam.smd, бильд-редактор: Дастан Шанай
threads.com/@adam.smd, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қала тұрғындарын ерекше қуантып отырған нысандардың бірі – мұз айдындары. Биылғы маусымда олар бірден бірнеше локацияда, соның ішінде ашық аспан астында жұмысын бастады. Алаңдарда жас мәнерлеп сырғанаушылардың көрсетілімдері, мерекелік шоулар мен жаппай сырғанау ұйымдастырылуда. Тұрғындардың айтуынша, мұз айдындары адамға толы: ол жерге отбасымен, балалармен және достарымен келеді.

Мұз айдындары мен безендірілген аллеялардан түсірілген видеолар мыңдаған қаралым жинап, қала билігіне алғыс білдірген жүздеген пікірге ие болды. Пайдаланушылар Шымкент биыл жұмсақ климатына қарамастан, қысқы серуендеу үшін нағыз тартымды орынға айналғанын атап өтеді.

коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай
коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

«Шымкент гүлденіп келеді. Керемет»
«Өте әдемі, жарайсыздар»
«Қала әкіміне үлкен алғыс, жұмысыңызға табыс. Барлық істе сәттілік», – деп жазады қолданушылар.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Шымкенттегі смарт-әжетханалар қайтадан назарға іліккенін жазған болатын. Бұл жолы олар халықаралық деңгейде мойындалып, World Toilet Summit 2025 саммитінде әлемдегі ең үздік деп танылған.