АҚШ-тағы ең қауіпті қылмыскерлер тізімінде үш қазақстандық тұр

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі ең қауіпті шетелдік қылмыскерлердің тізімін жариялады. Олардың қатарында Қазақстанның үш азаматы да бар.
Министрліктің ресми сайтында көрсетілгендей, бұл тізімге АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі ұстаған аса қауіпті шетелдіктер енгізілген.
Ведомство мәліметінше, министр орынбасары Ноэмнің басшылығымен Ішкі қауіпсіздік департаменті (DHS) пен Кедендік бақылау қызметі (ICE) бұрынғы президент Дональд Трамптың бастамасын жүзеге асырып жатыр. Ол бастама бойынша ауыр қылмыс жасағандардан бастап, заңсыз мигранттарды жаппай елден шығару көзделген.
Тізімге енген қазақстандықтардың үшеуі де әртүрлі ауыр қылмыстар үшін жауапқа тартылған. Олардың бірі Алабама штатының Бруквуд қаласында ұсталып, шабуыл жасағаны және ұрланған мүлікті иемденгені үшін сотталған. Екіншісі Флоридада ұрлық жасағаны үшін қамауға алынған. Ал үшіншісі Орегон штатында қару қолданып шабуыл жасағаны үшін тұтқындалған.
Осыған дейін Қазақстаннан Түркияға құны 5 млрд теңге болатын алтынды заңсыз өткізген қылмыстық топ сотталған жайлы жазған едік.