Lifestyle

Жылқы төресі – ақалтеке (фото)

Айвар-Шах / Фото: Ксендзова Кристина, Instagram.com/kris_photo

Ақалтеке жылқысы – әлемдегі ең көне жылқы тұқымдарының бірі, шамамен 3000 мың жыл бұрын шыққан. Тұқым атауы Көпетдақ тауының (Көпеттау) етегіндегі Ахал алқабы мен түрікменнің теке тайпасының атынан құралған. Асыл тұқымды жылқының бұл түрі о баста Түрікменстан аумағында пайда болып, сонда көбейгенімен, ХХ ғасырдың орта шенінде әлемнің басқа да елдеріне тарала бастаған.

Айвар-Шах / Фото: Ксендзова Кристина, Instagram.com/kris_photo

Көздің жауын алатын осы бір ерекше сымбатты жылқы тұқымының төмендегі таңдаулы суреттерін оқырман назарына ұсынамыз.

Тохтамыш / Фото: Ruhorses.ru

Шабандоздар мініс жылқылары арасынан жүрісі әсем, жүйрік келетін ақалтекені айрықша бағалайды.

Карамат / Фото: Instagram.com/kris_photo

Ақалтеке ыстық аудандарда мініске төзімді жылқы. Тұрқы биік (шоқтығына дейінгі биіктігі 160 см-ге жетеді). Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр.

Карамат / Фото: Instagram.com/kris_photo

Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын бұл арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай.

Карамат / Фото: Instagram.com/kris_photo

Жаңа жыл – жылқы жылы жақсылығымен келсін!