Жаңалықтар

225 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленді

Болашақ
«Болашақ» бағдарламасы степендиаттарының тізімі шықты /коллаж kursiv.media

2025 жылы 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 152 адам магистратурада, 16 үміткер докторантура бағдарламаларында білім алады. Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы Ғылым министрлігі хабарлады.

Стипендия иегерлерінің салалық құрылымы мемлекеттің стратегиялық басымдықтарына сай қалыптастырылған. Атап айтқанда, олардың 69,8 пайызы жаратылыстану және техникалық бағыттарды, 30,2 пайызы қоғамдық-гуманитарлық салаларды таңдаған.

Сонымен қатар, тағы 182 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін стипендия тағайындалды. Бұл тағылымдамалар отандық ғылым мен өндірісте заманауи білім мен озық тәжірибені енгізуге бағытталған.

2026 жылдан бастап кәсіби тағылымдамалар үшін «Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар» атты жаңа санат енгізіледі.

Бұдан бөлек, комиссия 2026 жылдан бастап магистратура, докторантура және тағылымдамалар аясында атом энергетикасы саласы үшін мамандар даярлауға арналған арнайы санатты енгізу туралы шешім қабылдады.

Степендиаттар тізімін мына сілтеме арқылы оқуға болады. Ал ғылыми тағлымдамадан өтетіндер тізімі мында.

Енді «Болашақ» стипендиясымен бакалавр дәрежесін алуға болады.