WhatsApp-тағы жаңа қауіп: аккаунтты иесіне білдіртпей басып алу әдісі пайда болды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Алаяқтар тағы бір әдіс тапты / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Бас прокуратурасы киберқауіпке қатысты жаңа ескерту таратты. Соңғы мәліметтерге сәйкес, алаяқтар «WhatsApp» мессенджеріндегі аккаунттарды заңсыз, иесіне еш білдіртпей басып алу жаңа әдісін қолданып жатыр. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады.

Бұл әдіс қалай жұмыс істейді?

Алаяқтар сізге «Facebook» немесе «WhatsApp» атынан жасырынған хабарлама жібереді. Онда фейк сайтқа өткізетін сілтеме болады, ол сайт шынайы интерфейске ұқсайды. Сайтта телефон нөміріңізді және WhatsApp-тан келген кодты енгізуді сұрайды.

Сол кезде алаяқ сіздің аккаунтыңызға қосылады да, толық бақылау алады: хабарламаларды оқып, фотолар мен контактілерді көреді, өзінен хабарлама жібере алады. Телефоныңыз қалыпты жұмыс істегендіктен, ешнәрсе байқамайсыз.

Қалай қорғауға болады:

  • Белгісіз хабарламалар мен сілтемелерге сенбеңіз;
  • WhatsApp кодыңызды ешқандай сайтқа енгізбеңіз;
  • Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;
  • Аккаунтыңыздың белсенділігін үнемі тексеріп отырыңыз;
  • Қорғаныс бағдарламаларын қолданыңыз;
  • Егер аккаунтқа бөтен құрылғы қосылғанын көрсеңіз, оны дереу жойыңыз.

Бұған дейін Kursiv.Media WhatsApp аккаунтыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болатыны жайлы егжей-тегжей нұсқаулық жазған.

Сондай-ақ оқыңыз