Алматы облысында қолайсыз ауа райын байланысты күре жолдағы қозғалыс шектелді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media архиві

Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Байсейіт – Көкпек – Шонжы – Көктал» автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.

2025 жылғы 27 желтоқсан сағат 10:20-дан бастап аталған автожолдың 48–108 шақырым аралығы, яғни Көкпек ауылынан Шонжы ауылына дейінгі бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жол 27 желтоқсан сағат 13:00-де қайта ашылмақ. Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бұл күні елдің оңтүстік өңірінде күн жылынып, жаңбыр жауып, солтүстікте аяз болады.

Сондай-ақ оқыңыз