
Астанада Сарыарқа ауданында, Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан үш қабатты ғимаратта өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары күшейтілген ранг бойынша жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында жедел түрде өрт сөндіру штабы құрылды.
Өртті сөндіруге:
- 100 жеке құрам қызметкері
- 24 бірлік техника тартылған.
«Өрт сөндіру оқпандары енгізілді, су үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр, жағдай толық бақылауға алынған. Қосымша ақпарат алдағы уақытта жарияланатын болады.