Lifestyle

Бір күртешесі 13 млн: Fashion блогер Тұрсын Алагөзовтің киімін талдады

коллаж: kursiv.media

Фэшн-блогер Жансая Әміршәріпқызы кәсіпкер, Баян Мақсатқызының жұбайы Тұрсын Алагөзовтің киім үлгісіне шолу жасап, оның бір ғана образының құнын жариялады. Блогердің айтуынша, Тұрсын Алагөзовтің бір образының жалпы бағасы 131 млн теңгеге жетеді.

Жансая Әміршәріпқызы әлеуметтік желідегі видеосында кәсіпкердің күнделікті стиліне кіретін брендтік заттарды жеке-жеке атап өтті. Оның есебінше, образ келесі люкс бұйымдардан құралған:

  • Аяқ киім (Bottega Veneta) – 515 мың теңге
  • Сөмке (Bottega Veneta) – 3 млн теңге
  • Алқа (Prada) – 461 мың теңге
  • Көзілдірік – 514 мың теңге
  • Қол сағат (Hublot) – 111 млн теңге
  • Футболка `(Cristian Dior)- 473 мың теңге
  • Күртеше (Louis Vuitton) – 13 млн теңге

Фэшн-блогердің айтуынша, бұл жай ғана сән емес, статус пен өмір салтының көрінісі. Әсіресе 111 млн теңгелік Hublot сағаты образдың ең қымбат бөлігі болып отыр.

Желі қолданушылары бұл шолуды қызу талқылап, біреулер таңданысын білдірсе, енді біреулер мұндай люкс өмір салтын сынға алды.

Еске сала кетейік, Тұрсын Алагөзов жаңа жыл қарсаңында өзінің қызметкерлерінің ата-анасына сыйлық жасаған еді.