Илон Маск танымал актрисаға қырындағаны үшін сынға қалды

Жарияланды 28 Желтоқсан 2025 12:55

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

Жуырда 28 жастағы америкалық актриса Сидни Суини өзінің жаңа «Горничная» фильмінің тұсаукесеріне қатысты. Алайда іс-шарадан кейін актрисаның образынан гөрі, оның төсі ашық көйлегі интернетте қызу талқылауға түсті.

Көзге түскен пікір білдірушілердің бірі – кәсіпкер Илон Маск болды. X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде:

«Мұндай «сұлулықты» алып жүру оңай емес шығар», – деп жазды Маск.

Маск жазбасына терең ойықты көйлек киген басқа бір қыздың суретін омыртқасы зақымданған адамның рентгендік бейнесімен біріктіріп,

«Сырттай қалай көрінеді. Ал шын мәнінде қандай сезімде болады», – деп әжуалады.

Алайда миллиардердің бұл қалжыңы көпшілікке ұнамай, желі қолданушылары оны қатаң сынға алды. Пікірлерде:

  • «Илон өз атынан жазып отырғанын ұмытып кеткен сияқты»
  • «Ол сенен 30 жас кіші. Сабырға кел»
  • «Бұл – әйел денесін жиіркенішті түрде объектілеу»

деген сынды наразылыққа толы пікірлер жазылды.

Желі қолданушылары Масктың сөзін орынсыз әрі әдептен тыс деп бағалап, қоғам алдындағы танымал тұлғалардың мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарауы керектігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз