Алматыда жолақысын енді банктің мобильді қосымшасы арқылы да төлеуге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұл қызмет бүгіненнен бастап қолжетімді/фото: Делия Айдаралиева

Алматыда қоғамдық көлік жолақысын енді банктің мобильді қосымшасы арқылы да төлеуге болады. Бұл туралы «Алматы қаласы Көлік холдингі» хабарлады.

Жаңа қызмет 2025 жылдың 29 желтоқсанынан бастап жұмыс істеп тұр.

«Алматының қоғамдық көлігінде жолаушылар енді Kaspi мобильді қосымшасы арқылы автобустағы ONAY QR-ды сканерлеу немесе көлік кодын енгізу арқылы жолақысын төлей алады», – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар жолаушылар үшін ONAY! көлік карталары, мобильді қосымша және басқа да бұрыннан қолданылған төлем әдістер қолжетімді.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Дархан Сатыбалды қалада жолақысын қымбаттату мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты.

Одан бөлек Алматыда үш жаңа автобус паркі құрылысы басталды. Болашақта тағы екеуін іске қосу жоспарланған. Алатау, Жетісу және Наурызбай батыр аудандарындағы жұмыс істеп тұрған автопарктерде газ және электр зарядтау станциялары пайда болады.

Сондай-ақ оқыңыз