Жаңалықтар

Дәретхана кезегіне талас адам өлімімен аяқталды

Ауыр жарақат алған қарт ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады / фото: shutterstock
Ауыр жарақат алған қарт ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады / фото: shutterstock

Сингапурда қоғамдық дәретхана кезегіндегі жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. Қарсыласымен төбелескен қарт адам оқиға орнында қаза тапты.

Бұл туралы Mothership басылымы хабарлады.

21 желтоқсанға қараған түні 73 жастағы Фу Суан Чу Fork & Spoon дәмханасының верандасында жалғыз өзі ішімдік ішіп отырған. Көрші үстелде 57 жастағы Тео Энг Чай да қызып алған. Дәретхана бос болмай, Чу кезек күтіп тұрған. Алайда дәретхана босаған кезде Чай кезексіз кіріп кетпек болыпты.

Екеуі кезекке таласып, сөзге келіп қалған. Мұның арты төбелеске ұласқан. Чай Чуды бас тұсынан ұрған. Қатты соққы салдарынан оның көмейіндегі қалқанша шеміршегі сынып кеткен. Оқиға бейнебақылау камерасына түскен.

Ауыр жарақат алған қарт ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Чай болған оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Іс бойынша алғашқы сот отырысы 30 желтоқсанға белгіленген.

Ал Шымкентте мас зейнеткер 12 жасар баланы соққыға жыққан еді.