Қаржы министрлігі жеке кәсіпкерлердің жаппай жабылып жатқанын жоққа шығарды

Қаржы министрлігі елде жеке кәсіпкерлер жаппай жұмысын тоқтатып жатқанын жоққа шығарды. Вице-министр Ержан Біржановтың айтуынша, елдегі кәсіпкерлік белсенділік төмендеген жоқ, керісінше соңғы бір жылда тіркелген бизнес субъектілерінің саны 150 мыңға артқан.
Бұл – оң үрдіс екінші жыл қатарынан сақталып отырғанын байқатады, өйткені 2024 жылы өсім 50 мыңға да жетпеген.
Сонымен бірге вице-министр кейбір жеке кәсіпкерлер шынымен жабылып жатқанын жасырмады, алайда олардың барлығы нақты бизнес жүргізген емес.
Әңгіме қосылған құн салығын төлемеу үшін өз қызметін әдейі бірнеше ЖК-ға бөліп көрсеткен кәсіпкерлер туралы болып отыр. Бұған дейін жеңіл салық режимінде жұмыс істейтіндер ҚҚС төлемес үшін осындай «бөлшектеу» тәсілін кеңінен қолданған.
«Қазіргі таңда бұл қажеттілік жойылды. Себебі B2C сегментінде, яғни халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлер үшін 2,5 млрд теңгеге дейінгі айналыммен ҚҚС төлемей, заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Осыған байланысты бұрын тек салық схемалары үшін ашылған жасанды ИП-лар өздігінен нарықтан кетіп жатыр», – деді вице-министр.
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ірі бизнестің жеңілдетілген режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлерден алған тауар мен қызметін шығынға жатқызуына тыйым салу дұрыс емес деп тұжырымдайды.