Жаңалықтар

Назарбаев телефон арқылы Мирзиеевпен сөйлесті

Назарбаев и Мирзиеев
Назарбаев телефон арқылы Мирзиеевпен сөйлесті / Фото: Президент әкімшілігінің мұрағатынан

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 29 желтоқсанда телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан басшысының ресми сайты хабарлауынша, олар Жаңа жыл қарсаңында екі елдің халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен амандық тілеп, жылы лебіздерімен алмасты.

«Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарының қол жеткізілген жоғары деңгейі, сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық негізгі салаларында көпжоспарлы ынтымақтастықтың үдемелі дамуы ерекше қанағаттанушылықпен атап өтіледі», – делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесудің егжей-тегжейі нақтыланбаған.