Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев үш баласына төлейтін алимент сомасын азайтқысы келген

Назым Қахарман сотта жеңіп шыққан/коллаж kursiv.media.бильд-редактор Ахтам Зиперов

24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі видео жариялап, алиментке қатысты сот қалай өрбігенін баяндады.

Назым Қаһарманның сөзінше, Жоғарғы сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырмаған. Содан кейін Қуандық Бишімбаев бірден сотқа алимент мөлшерін азайту туралы талап арыз берген. Қуандық Бишімбаев ажырасқан кездегі келісімде көрсетілген соманы төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін айтқан.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен Назым Қаһарманның ортақ үш баласы бар.

«Адвокаттарым құжат жүзінде Қуандық алиментті тағы 15 жыл төлеуге шамасы жететінін дәлелдеді. Активтерін жасыру үшін өзін қамауға алған кезден бастап мүлкін 26 жасқа таяп қалған ересек үлкен ұлының атына аударған», – деді Назым Қаһарман.

Оның ішінде бірнеше жылжымайтын мүлік те бар.

«Сотта жеңіп шықтық. Ол алиментті ажырасқан кездегі келісім бойынша төлей береді. Себебі ол келісімді бұзу мүмкін емес», – дейді Қаһарман.

Бұған дейін әйел туған күні қарсаңында Бишімбаевтан «сыйлық» алғанын айтты. Қаһарманға соттан екі конверт келген. Бірі – балалармен қарым-қатынас тәртібін анықтау туралы талап, екіншісі – балаларды шетелге шығаруға қатысты сенімхатты қайтарып алу туралы ескерту.

Айта кетейік, Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл некеде болған, ортақ үш баласы бар. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасқан.