
Криштиану Роналду Дубайда өткен Globe Soccer Awards марапаттау рәсімінде: «егер жарақат алмай, ойнауды жалғастырсам, ИншаАллаҺ 1000 гол соғамын» деді.
Осы бір ауыз сөзден кейін жанкүйерлер арасында «Роналду ислам дінін қабылдады ма» деген сұрақ көбейді. Алайда футболшының немесе оның өкілдерінің тарапынан мұндай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Айта кетейік, «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Globe Soccer Awards марапаттау рәсімінде Таяу Шығыстың үздік футболшысы атанды. Марапатты алған сәтте Роналду кәсіби мансабын жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
Футболшының «ИншаАллаһ» деуі оның Сауд Арабиясында ойнап жүргенімен байланысты болып, жергілікті мәдениет пен дәстүрге құрмет көрсетуінің белгісі болуы мүмкін. Дегенмен Роналду дінін өзгерткені жөнінде ешқандай ресми ақпарат жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясында Криштиану Роналдумен Геннадий Головкин кездескен еді.