
Қырғызстанда Акума атты блогер ЖИ арқылы президент Садыр Жапаровпен құшақтасып түскендей жасаған суреті үшін жауапкершілікке тартылды.
Фотода қыз Садыр Жапаровты «өзінің жігіті» ретінде бейнелеп, бетінен еркелеп ұстап тұр. «Садыр Жапаров» ғашықтарша оның санынан ұстап тұрғаны көрінеді.
Қырғызстан соты осы жалған фото үшін блогер қызды жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.
«Блогер қызжың президентімізбен ЖИ-мен, фотошоппен жасаған суреті шықты. Біз құқық қорғау органдарына хабарластық. Олар реакция жасады. Октябрь аудандық сотының судьясы Жолдашбаев 5 500 сом айыппұл салды. Судья адамгершілік танытқан болуы керек. Мұндай нәрселерден сақтаныңыздар. Өйткені, жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Заңды сақтаңыздар», – деді адвокат Шердор Абдукапаров.
Қолданушылар блогердің іс-әрекетін құптамай отыр. Қолданылған шараны тым жеңіл деп біледі.
«Бұл дұрыс нәрсе емес. Түрмеге қамалсын. Сонда өз әрекеті туралы ойланар. Бұл – Президент. Өзге елдерге күлкі етеді. Құрмет болуға тиіс», – деп жазды Жылдыз Асылбек.
Мұның алдында әлеуметтік желіде ЖИ арқылы жасалған Қыдырәлі Болманов пен жас қыздың сүйісіп тұрған видео тараған еді.
Айта кететін жайт, Жапаров сайлауға келмегендерге айыппұл салуды ұсынған еді.