Lifestyle

«Жаңа жылда айтатын өсек дайын»: Қабатовтың екінші әйелі елді елең еткізді

фото: instagram

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі қайтадан көпшілік талқысына түсті. Бұл жолы екінші әйелі Айман Instagram парақшасында елді ойландырып қойған сторис салды.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда балалары бейнеленген отбасылық сәттермен қатар, астарлы жазбалар да көзге түседі.

«Бомбаның көкесін ертең саламын, жаңа жылға қонаққа барғанда айтатын өсек дайын» деген жазба жұрттың қызығушылығын одан әрі күшейтті.

Ал келесі стористе:

«Таңертеңнен бомба деп асықтыңыздар, ұйықтамағансыздар ма?» деген әзіл-шыны аралас мәтін пайда болды.

Еске сала кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі бұған дейін де мәлімдеме жасаған еді.