Астанада аялдамада ер адам қайтыс болды
Жарияланды

Астанада аялдамада ер адам қайтыс болды. Оқиға А 108 көшесінде болған.
Astanovka98 Telegram арнасының жазуынша, ер адам көктайғақ салдарынан құлап қайтыс болған.
Қаланың денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан ер адам табылды. Жедел жәрдем ер адамның қайтыс болғанын тіркеді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», – деп хабарлады басқарма.