Жаңалықтар

Астанада аялдамада ер адам қайтыс болды

Желіде ер адамның мұзға құлап қайтыс болғаны айтылды/фото: Серикжан Ковланбаев

Астанада аялдамада ер адам қайтыс болды. Оқиға А 108 көшесінде болған.

Astanovka98 Telegram арнасының жазуынша, ер адам көктайғақ салдарынан құлап қайтыс болған.

Қаланың денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан ер адам табылды. Жедел жәрдем ер адамның қайтыс болғанын тіркеді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», – деп хабарлады басқарма.