Жаңалықтар

Астанада бір күнде 190-ға жуық адам көшеде жарақат алған

Астанада көктайғақ болып жатыр/фото: shutterstock

Астанада 30 желтоқсанда кешке дейін 265 адам жарақат алып, травматологиялық пункттерге жүгінген.

Қаланың денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ішінде 185 адам көшеде жүрген кезінде жарақат алған.

Алайда басқарма көктайғақ салдарынан болған жарақаттар бойынша жеке статистика жүргізілмейтінін еске салды. «Көшеде алған жарақат» санатына көшеде болған барлық жағдай кіреді.

Айта кетейік, бұған дейін қаладағы аялдамалардың бірінде ер адам қайтыс болды. Әлеуметтік желіде оның көктайғақта құлап қайтыс болғаны айтылды.