Астанадан шығатын негізгі трассалар көктайғақ салдарынан жабылды
Жарияланды

Ауа райының нашарлауына байланысты Астанадан шығатын барлық негізгі трассалар автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысы үшін уақытша жабық, деп хабарлайды ҚазАвтожол.
Ақмола облысы
- Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (16-200 км, Астана – Павлодар облысының шекарасы учаскесі)
- Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы (18-232 км, Астана – Щучинск учаскесі)
- Астана-Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (16-266 км, Астана – Атбасар учаскесі жүк және қоғамдық көлік түрлеріне арналған).
Павлодар облысы
- Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (200-416 км, Шідерті – Атамекен учаскесі)
- Қызылорда-Жезқазған – Қарағанды-Шідерті (1135-1206 км)
- Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара (0-231 км).
Қарағанды облысы
- Астана – Қарағанды – Алматы (92-164 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау учаскесі).
Басқа аймақтар:
- Жетісу облысында боран салдарынан Үшарал-Достық тас жолында (84-164 км) қозғалыс шектелген.
- Батыс Қазақстан облысында қар мен қатты желдің салдарынан жүк және қоғамдық көліктерге арналған жолдар жабылды.
- Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуында қыстың соңына дейін тіркемелері бар жүк көліктері үшін шектеу болады.
Жол қашан ашылады
«Қазавтожолдың» мәліметі бойынша, егер ауа райы жақсарса, жолдардың ашылуының болжамды уақыты – 31 желтоқсан күні таңертең.
Жолдың жай-күйі туралы барлық өзекті ақпаратты 1403 колл-орталығына қоңырау шалу арқылы алуға болады (тәулік бойы жұмыс істейді).