Жаңалықтар

Бестеректегі төрт баланың қазасы: сот үкімі шықты

Қайғылы оқиға осы жерде болған/фото: Делия Айдаралиева

Абай облысы Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында балаларды қағып кеткен ер адамға сот үкімі шықты.

Оқиға 2025 жылдың 19 тамызында болған. Toyota жүргізушісі көлікті басқара алмай, тұрғын үйдің қоршауына соққан. Сол жерде жүрген алты бала көлік астында қалған. Салдарынан төрт бала қайтыс болды.

2025 жылдың 30 желтоқсанында Абай облысында сот үкімі шықты. Эпилепсиясы бар 55 жастағы ер адам 9 жылға сотталды. Жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді.

Сотталған балаларынан айырылған екі отбасыға 50 млн теңге төлеуге міндетті.