
Freedom Ticketon 25–28 желтоқсан аралығында кинотеатрлардағы прокат қорытындысын жариялады. Апта ішінде бірнеше фильм жоғары кассалық көрсеткішке қол жеткізді.
Өткен аптаның көшбасшысы «Аватар: От пен күл» фильмі әлі де бірінші орында тұр. Джеймс Кэмеронның атақты туындысы екінші аптада 472 035 681 теңге жинады.
Ал 25 желтоқсан күні шыққан «Дәстүр: Теріс бата» фильмі алғашқы күндері 407 257 786 теңге жинады.
Үздік үштікті Нұрлан Қоянбаевтың Qazaq Әлемі 2 толықтырды. Отандық франшизаның жалғасы 111 222 293 теңге табыс әкелді.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылы ең көп касса жинаған фильмдерді жазған едік.