Полиция мереке алдында қазақстандықтарға ескерту жасады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
интернет
Полиция мереке алдында қазақстандықтарға ескерту жасады / Фото: Shuttertsock

Ішкі істер министрлігі жаңа жылдық мерекелер кезінде цифрлық қауіпсіздікті сақтау қажеттігі туралы қазақстандықтарға ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мереке күндері интернет-алаяқтар күшіне енеді. Күмәнді сілтемелерге крімеңіз, бөгде адамдарға жеке деректерді, банк карталарының деректерін және SMS-хабарламалардың кодтарын бермеңіз», – делінген хабарламада.

Бұған қоса, полиция банктердің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері құпия ақпаратты қашықтан сұрамайтынын тағы бір мәрте еске салды.

Бұған дейін Kursiv.Media WhatsApp аккаунтыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болатыны жайлы егжей-тегжей нұсқаулық жазған.  

Сондай-ақ оқыңыз