Қазақстандық банк реттеушінің нормативтерін бұзды

Жарияланды 30 Желтоқсан 2025 19:07

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
банк
Қазақстандық банк реттеушінің нормативтерін бұзды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

2025 жылы 1 желтоқсанда тек бір қазақстандық банк реттеуші белгілеген пруденциялық нормативтерді орындамады. Бұзылған норматив меншікті капиталдың минималды мөлшеріне қатысты. Ұлттық банк дерегіне сүйенсек, бұл жазда ғана микро қаржы ұйымынан банк дәрежесіне көтерілген корейлік BNK Commercial Bank.

Пруденциалдық норматив – дегеніміз қаржы ұйымдарының (капитал, өтімділік, тәуекелдер) негізгі көрсеткіштері, оларды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР) белгілейді. Оларды сақтау банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Ұлттық банктің мәліметінше, еліміздегі 22 банктің тек біреуі ғана пруденциалдық нормативтерді сақтамады. Бұл BNK Commercial Bank, оның капиталы белгіленген минимумға сәйкес келмейді. Айта кетейік, 1 қарашадағы жағдай бойынша BNK Commercial Bank капиталы 11,6 млрд теңгені құрады – бұл елдегі барлық банктер арасындағы ең төменгі көрсеткіш.

Сондай-ақ, банктің шілде айынан бастап нормативтерді бірінші рет сақтамағаны атап өтілді.

Бұған дейін Ұлттық Банк Қазақстанда 200-ден астам микроқаржы ұйымының (МҚҰ) сегізі пруденциалдық нормативтерді орындамағанын, яғни бұл компаниялардың тәуекелдері жоғары екенін хабарлаған болатын.

Қазіргі кезде Қазақтанда 23 банк жұмыс істейді. Биыл екі микроқаржы ұйымы банкке айналды. Маусымда BNK Finance Kazakhstan реттеушіден рұқсат алса, ал KMF микроқаржы ұйымы тамызда банк лицензиясын алды. 

Сондай-ақ оқыңыз