Қазақстандықтар үшін жаңа жылдық тарту: «Береке Fest» акциясы басталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Береке Фест
фото: Сауда және интеграция министрлігінен

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлікті тиімді бағамен сатып алуға болады. Елімізде 23-31 желтоқсан аралығында ауқымды «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.

Қай дүкендерде жеңілдік болады

Акцияға ел бойынша 80-ге жуық ірі сауда желісі қатысқан. Олардың ішінде күнделікті баратын танымал маркеттер бар:

  • Magnum, SMALL, Toimart, Anvar;
  • Dina, Фермаг, Норма, Дана және басқа да өңірлік дүкендер.

Баға неге арзандады

Бағаның төмендеуіне екі нақты себеп бар:

  1. Делдалсыз сауда: Фермерлер өз өнімін дүкен сөрелеріне тікелей жеткізеді.
  2. Төмендетілген үстеме: Сауда желілері пайдасын азайтып, тауарды халыққа тиімді бағамен ұсынуға келісті.

Айта кету керек, жеңілдіктер отандық өнімдерге ғана емес, кейбір импорттық тауарларға да жүреді. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге баса назар аударылған.

Дүкеннен «Береке Fest» тауарларын қалай табамыз

Акцияға қатысатын барлық сауда нүктелері бірыңғай стильде безендірілген. Сондай-ақ, дүкен ішінде қазақстандық өнімдер қойылған арнайы промо-аймақтар бар.

Сондай-ақ оқыңыз