
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қысқы Олимпиада ойындарына спортшыларды дайындауға 13,3 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, спортшыларды сапалы дайындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден қомақты қаржы бөлінген.
«Қаржыландырудың жалпы көлемі 13,3 млрд теңгені құрады. Оның 585 млн теңгесі федерациялардың қаражаты. Республикалық бюджеттен 5,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 6,2 млрд теңге, Туризм және спортты қолдау қорынан 1,2 млрд теңге бөлінді», – деді министр.
Ойындар Италияның Милан және Кортина-Д’Ампеццо қалаларында 6 – 22 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа 93 елден 3 000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстаннан 35-ке жуық спортшы барады. Ал өткен қысқы Олимпиадаға 34 спортшы қатысқан.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан екі атаулы лицензияға, шорт-тректен 9 және конькимен жүгіруден 12 лицензияға ие болды.