Иранда ақша күрт құнсызданып, халық көшеге шықты

Жарияланды 30 Желтоқсан 2025 13:34

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Иран риал валюта ақша
фото: shutterstock

29 желтоқсанда Иранда кейінгі үш жылдағы ірі наразылық акциясы басталды. Көшеге шыққан халық ұлттық валютаның құнсыздануына наразы. Жексенбі, 28 желтоқсан күні 1 доллар 1,42 млн риал болды. Орталық банк басшысы қызметтен кетті.

Мемлекеттік телеарна Орталық банк басшысы Мохаммед Реза Фарзин қызметтен кеткенін хабарлады. Бұл уақытта Тегеран орталығында, сонымен бірге Үлкен базар орналасқан Шуш ауданында митинг өтіп жатты. CNN телеарнасы 1979 жылғы Ислам революциясы кезінде базардағы саудагерлер шешуші рөл атқарғанын, олар монархияны тайдырып, исламшылдарды билікке әкелгенін еске салды.

IRNA ресми ақпарат агенттігі наразылық болып жатқанын растады. Куәгерлер Иранның басқа да ірі қалаларында митинг басталғанын хабарлады. Мәселен, елдің орталығындағы Исфахан, оңтүстігіндегі Шираз, солтүстік-шығыстағы Мешхедте қарсылық жүріп жатыр. Тегеран полициясы наразы топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды, деп таратты телеарна.

Мәліметтерге қарағанда, саудагерлер дүйсенбі күні дүкендерін жауып, басқаларға да осылай жасауға кеңес берді.

2022 жылы 1 доллар шамамен 430 мың риал болған. Содан бері ұлттық валюта төрт есе құнсызданған.

Сондай-ақ оқыңыз