Украина Путин резиденциясына шабуылдады дегенді жоққа шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Трамп санкциясын пысқырмайтын Путин Украинада ақырына дейін баруға бекінген - Reuters
фото: Reuters

Украина Ресей президенті Владимир Путиннің Новгород облысындағы резиденциясына шабуылдады деген мәлімдемені жоққа шығарды.

Путин резиденциясына шабуылдады деген айыпты Киевке алғаш болып Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров таққан. Ешкім зардап шекпегеніне қарамастан, шенеунік әскерилер «қарымта соққы» нысанын анықтады деген.

Украина президенті Владимир Зеленский дрондар шабуылдады деген айыпты бірден жоққа шығарып, Ресей осының бәрін ойдан құрастырған деп мәлімдеді.

«Ресей баяғы әдетіне басты. Қауіпті мәлімдемелер жасау арқылы президент Трамп тобымен бірге дипломатиялық талпыныстарымызды жоққа шығара салмақ», – деп жазды Зеленский әлеуметтік желіде.

Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига президенттің айтқандарын қолдап, әлемдік қауымдастықты Ресейдің «арандатушы» әрекетін сынауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз