
Нұрдәулет Сүйіндіков Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды», – делінген ақпаратта.
Нұрдәулет Сүйіндіков бұл қызметке 2023 жылы тағайындалған.
Айта кетейік, заңсыз иемденілген активтерді заңды жолмен қайтаратын арнайы мемлекеттік мекеме 2023 жылы құрылды.