Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңға қол қойды

Жарияланды
фото: Ақордадан

Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақордадан хабарлады.

Құқыққа қайшы контент таралуын шектеу туралы құжат – ең даулы заң жобасы болды. Депутаттар ЛГБТ өкілдерінің семинар, мастер-класс өткізуіне, тікелей эфирге шығуына қарсы болды. Ал олардың қатысуымен түсірілген фильмдер болса, фрагменттерін алып тастайды. Жалпы осы ұғымға сәйкес келетін контентті бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте және телекоммуникация арналарында таралуына тыйым салады.

Егер заң бұзылса, 20 АЕК айыппұл салынады, екінші рет қайталаса он күнге қамалуы мүмкін.

18 желтоқсанда Сенат бұл заңды қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз