Lifestyle

2025 жылы кішкентайлы болған қазақстандық жұлдыздар

бөпе сәби
2025 жылы бөпелі болған қазақстандық жұлдыздар / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

2025 жыл отандық шоу-бизнестің кейбір жұлдыздары үшін бақытқа толы болды. Олардың отбасында сәби дүниеге келіп, шаңырақтары шаттыққа толды. Kursiv.LifeStyle 2025 жылы кішкентайлы болған жұлдызды отбасыларға шолу жасады.

Тәуекел Мүслім

Тәуекел Мүслім мен оның жары Махаббат үшінші рет ата-ана атанды. Ерлі-зайыптылардың үшінші ұлы дүниеге келді. Жаңалықпен актердің өзі бөлісіп, жұбайына желіде алғыс айтты. Олар өткен қыста Лос-Анджелесте гендер пати жасаған.

Бүркіт пен Айша

Көктемде Бүркіт пен Айшаның отбасы толығып, әнші жұптың төртінші баласы д.үние есігін ашты. Әнші перзентханада видео түсіріп, қуанышты хабармен бөлісті. Қазір жұлдызды жұптың 2 ұл, 2 қызы бар.

Ерке Есмахан мен RaiM

Осы жазда әнші Ерке Есмахан үшінші рет ана атанды, бұл туралы күйеуі, әнші Raim әлеуметтік желіде хабарлады. Ұлдарының атын Батыр деп қойған. Біраз уақыттан кейін RaiM әйелі мен ұлын перзентханадан шығарғандағы видеоларды көрсетті. Қазір жұлдызды жұптың Мүслім, Ислам және Батыр есімді үш ұлы бар.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова

Осы жазда әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасында да қуанышты жаңалық болды. Олар бесінші рет ата-ана атанды. Дүниеге келген қызға Рабия Сұлтан есімі берілді.

Елдос Кәдірханов

Колобок лақапатымен белгілі блогер Елдос Кәдірханов тоғыз жыл бойы күткен сәбиін құшағына алып, биыл алғаш рет әке атанды. Қарашада қуанышты жаңалықты блогердің өзі жария етті.

Айжұлдыз Адайбекова және Сәкен Қағаров

Экстрим-блогер Сәкен Қағаров пен актриса Айжұлдыз Адайбекова көптен күткен сәбидің дүниеге келгені туралы әлеуметтік желіде хабарлады. Күзде дүниеге келген ұлға Санат есімі берілген. Бақытты жас ата-аналар перзентханадан шыққан кадрларды да жариялады.

Аружан Жазылбекова мен Ержан Алдабергенов

Биыл актриса Аружан Жазылбекова да алғаш ана атанды. «Алтын орда» телехикаясының жұлдызы 11 қарашада Сара есімді қызды дүниеге алып келді. Қуанышты жаңалықты актрисаның жары белгілі подкастер Ержан Алдабергенов жариялады.

Кәмшат Жолдыбаева

«КешYOU» тобының бұрынғы әншісі Кәмшат Жолдыбаева биыл алғаш рет ана атанды. Қуанышты жаңалықты әлеуметтік желіде тележүргізуші Анна Данченко хабарлады. Әнші жұбайы актер Ғазрет Ержановпен қызды болды.

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали

Жыл соңында Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің үшінші баласы дүниеге келді. Ару есімі берілген қыз 1 желтоқсанда дүниеге келді. Айқын жарына ән арнап, перзентханадан жаңа туған қызын қалай қарсы алғанын көрсетті.

ACE

Ninety One тобының мүшесі, ACE лақапатымен белгілі әнші Азамат Ашымақын қараша айында алғаш рет әке атанды. Ортақ қуанышты жұп Instagram парақшасында бөлісіп, перзентханада түскен ыстық ықыласқа толы суреттерін жүктеді.

Алдияр Жаппарханов

Ирина Қайратовна тобының мүшесі, белгілі сценарист, актер әрі әнші Алдияр Жапарханов желтоқсанда алғаш рет әке атанды. Музыкант жазбасында сәбиінің дүниеге келгенін қысқа жеткізді.