2026 жылы қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады

Жарияланды 31 Желтоқсан 2025 21:01

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Визасыз
2026 жылы қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады / Фото: Shutterstock

Қазақстандықтар 2026 жылы әлемнің көптеген еліне визасыз бара алады. Kursiv.Media саяхатшыларға арнап, визасыз баруға болатын елдер тізімін жасады.

Визасыз режим әдетте 3 түрге бөлінеді:

Толық визасыз режим. Елге визасыз кіріп, белгілі бір уақытқа дейін (мысалы, 30, 60 немесе 90 күн) еркін жүруге болады.

Келген кезде берілетін виза (Visa on Arrival). Алдын ала виза алмайсыз, бірақ елге кірген кезде, әуежайда немесе шекарада рәсімдейсіз.

Электронды виза (e-Visa). Елге бармай тұрып, интернет арқылы виза рәсімделеді.

1 жылға визасыз баратын ел

  • Грузия

90 күн

  • Албания
  • Армения
  • Замбия (ақылы түрде электронды рұқсатты рәсімдеу керек)
  • Колумбия
  • Молдова
  • Моңғолия
  • Намибия (әуежайда елге кіруге рұқсат алу керек)
  • Ресей (90 күнге дейін визасыз жүруге болады, алайда 30 күннен кейін тіркелу туралы ескерту келеді)
  • Сент-Китс және Невис
  • Сент-Винсент және Гренадиндер
  • Тунис
  • Түркия
  • Украина

60 күн

  • Доминикан Республикасы
  • Маврикий (әуежайда 60 күнге рұқсат алу керек)
  • Таиланд

30 күн

  • Аргентина
  • Әзербайжан
  • Барбадос
  • БАӘ
  • Беларусь
  • Бразилия
  • Вьетнам
  • Индонезия
  • Қатар
  • Кук Аралы
  • Қырғызстан
  • Қытай
  • Малайзия
  • Мальдив аралдары
  • Марокко
  • Никарагуа
  • Өзбекстан
  • Оман
  • Оңтүстік Корея
  • Сербия
  • Сейшел аралдары
  • Тәжікстан
  • Филиппин
  • Черногория
  • Эквадор
  • Шри-Ланка (электрондық рұқсатты ресімдеу керек)

14 күн

  • Гонконг
  • Иран
  • Макао

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтар үшін Еуропаға виза аларда тапсыратын құжат саны азаятыны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз