Жаңалықтар

Биыл елге қанша тонна мандарин жеткізілді

Бір тонна мандариннің орташа құны да төмендеген/фото: shutterstock

Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың 10 айында Қазақстанға 75,6 мың тонна мандарин жеткізілген. Ішіне мандариннің танжерин және сатсума деген түрі де кіреді.

Data Hub Telegram арнасының хабарлауынша, 2024 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21%-ға артқан. Сонымен қатар кем дегенде кейінгі он жылдағы ең жоғары деңгей болып отыр.

Ал ақшалай қарасақ мандариннің көлемі жылдан жылға түсіп барады: 38 миллион доллардан 37 миллион долларға түскен. Соған сәйкес бір тонна мандариннің орташа құны да төмендеген (20%).

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы «Бақты» шекара бекетінде көкөніс пен жеміс-жидекке бақылау күшейіп, кәсіпкерлер шығынға батты.