Нидерланды фейерверктерге тыйым салмақшы

Нидерланды парламенті азаматтарға петард пен фейерверктер пайдалануға тыйым салмақшы. Осы жылғы Жаңа жыл түні тұрғындар соңғы рет салют атады деп жазады Bild.
Бірақ келесі жылдан бастап тек фейерверк-шоу ұйымдастырушы, кәсіби мамандар ғана фейерверк қолдануына рұқсат бар.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соңғы жылдарды өте қуатты петардалардың заңсыз айналымы бірнеше есе өсіп кеткен.
Полиция мәліметінше, желтоқсан айының ортасына қарай 65 тоннадан астам заңсыз пиротехникалық бұйымдар тәркіленген. Фейерверктен зардап шеккендер де көбейе түскен. Қараша айынан желтоқсанның ортасына дейін он жасөспірімнің қолына немесе саусақтарына ампутация жасауға тура келді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы мұндай небәрі төрт жағдай тіркелген болатын.
Тыйым салуды халықтың басым бөлігі қолдайды: I&O Research институты жүргізген сауалнамаға сәйкес, ел тұрғындарының 62%-ы жеке пиротехникадан бас тартуды жақтайды. Соңғы жылдары фейерверктер полиция қызметкерлеріне, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға шабуыл жасау үшін жиі қолданылып, салдарынан олар түрлі жарақаттар алған.
Тыйым салу бастамасын көптеген жылдар бойы дәрігерлер, шұғыл қызмет қызметкерлері, муниципалитеттер, сондай-ақ жануарлар мен қоршаған ортаны қорғаушылар қолдап келеді. Олар петард пен фейерверктің адам денсаулығы мен қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіретінін жиі айтады.
Қазақстанда да мереке қарсаңында отшашу құралдарының айналымы өсе түскен. Sarapshy мәліметінше Қазақстан фейерверк импортын, әсіресе, жаңа жылға 2 ай қалғанда, яғни қараша мен желтоқсан айларында жаппай сатып алады. Соңғы 5 жылда басты импорттаушы үш ел: Қытай, Ресей және Қырғызстан болған.