ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жариялады
Жарияланды

«ҚазАвтоЖол» 31 желтоқсанда республикалық автожолдардың бірқатарында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті.
Ведомство мәліметінше, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады.
«Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.
Республикалық жолдардағы ахуал туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады.
Ал 30 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты Астанадан шығатын барлық негізгі трассалар жабылған болатын.