Алматыда №37 жаңа емхана қашан ашылады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
емхана Алматы қаласы
фото: shutterstock

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №37 қалалық емхана 2026 жылғы қаңтардың ортасында ашылады. Гагарин даңғылында орналасқан диагностикалық орталық бір тәулікте 500 адам қабылдай алады.

Мегаполис әкімдігінің мәліметінше, мекеме науқастарға алғашқы көмек көрсетудің бірыңғай стандарттарына сай келеді. Емхана заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Ғимаратта сәуле диагностикасы бөлімі, хирургия және травматология кабинеттері, клиникалық-диагностикалық зертхана, эндоскопия бөлімі, 20 орынға арналған күндізгі стационар, әйелдер консультациясы, сонымен бірге профилактикалық және консультативтік-диагностикалық қызметтер орналасқан.

Нысан мемлекет бюджеті қаражатымен салынды.

Қазір Алматыда медициналық-санитарлық алғашқы көмекті 78 ұйым көрсетеді. Оның 41-і — мемлекеттік, 37-сі — жекеменшік. Мегаполисте 2,3 млн адам тұрады.

Сондай-ақ оқыңыз