Қаңтардағы ҰБТ-ға 187 мың талапкер қатысады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ұлттық бірыңғай тест ҰБТ
фото: shutterstock

2026 жылғы қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды. 187 мыңға жуық адам сынақтан өтуге ниет білдірді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Талапкер өтініш беру барысында тест тапсыру күнін, уақытын және орнын өзі таңдады. ҰБТ 2026 жылғы 10 қаңтарда басталып, 10 ақпанға дейін созылады.

Сынақ барысында калькулятор, химиялық элементтер жүйесін (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесін пайдалануға болады. Тест тапсырушылар сынақ аяқталғаннан кейін, 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120.

  • «Қазақстан тарихы» пәні – 20 тапсырма;
  • «Оқу сауаттылығы» – 10 тапсырма;
  • Математика – 10 тапсырма;
  • Бейіндік пән – 40 тапсырма.

ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді – 140 балл. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут).

Сондай-ақ оқыңыз