Қытайлар ҚазҰУ-ға бес жатақхана салып береді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жатақхана студент
фото: shutterstock

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) қалашығында 5 мың орындық жаңа бес жатақхана салынады. Қытай компаниясы жобаға 33,8 млрд теңге құйды.

Қазақстанның бетке ұстар университеттерінің бірінде тоғыз қабатты бес ғимарат салу үшін «Чжунтайхуа» компаниясы инвестор ретінде тартылды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қытай компаниясының директоры Чжан Хунцян құрылыс іргетасын қалау рәсімінде сөз сөйледі. Ол құрылыс сапасына ерекше мән берілетінін айтты.

ҚазҰУ Қазақ Ұлттық унисерситеті жатақхана сызбасы
фото: gov.kz

Студенттер қалашығындағы шағын шарада құрылыс сызбасы таныстырылды. Әр ғимаратта 1 мың студент тұрады.

Жалпы аумағы 66 мың шаршы метрлік кешенде барлығы 5 мыңнан астам орын болады. Инвестиция көлемі – шамамен 33,8 млрд теңге.

ҚазҰУ Қазақ Ұлттық унисерситеті жатақхана сызбасы
фото: gov.kz

Құрылыс 2026 жылғы қаңтарда басталып, 2027 жылдың жазында аяқталады. Халықаралық стандартқа сай жатақханаларда қауіпсіздік жүйесі мен тұрмыс инфрақұрылымы толық қамтылады.

Университет 1934 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Ал 1966 жылы Дінмұхамед Қонаев жер бөліп, ҚазҰУ қалашығының құрылысы 1972 жылы басталған.

Сондай-ақ оқыңыз