Жаңа жыл және Рождество мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында демалады / Фото: kursiv.media архиві

Сәрсенбі, 31 желтоқсан күні Қазақстандағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді. Ал қарапайым орталықтар сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бейсенбі және жұма күндері, яғни 1 және 2 қаңтарда, сондай-ақ сәрсенбі, 7 қаңтарда халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде арнайы ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлағандай, 3 қаңтар, сенбі күні кезекші арнайы ХҚКО-лар ашық болады. Олар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетейік, қазақстандықтар, 2026 жылдың басында бірнеше күн қатарынан демалыс беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз