Тоқаевты Жаңа жылмен кімдер құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media

Шет мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жылымен құттықтап, жеделхат жолдауда. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде», – делінген хабарламада.

Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, БАӘ Президенті шейх Мухаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрдің орынбасары Мансур бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Испания Королі VI Фелипе, Испания Премьер-министрі Педро Санчес, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия Федеральдық Канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Албания Президенті Байрам Бегай, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичс, Еуропалық кеңес Президенті Антониу Кошта, Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Корея Президенті Ли Чже Мёң, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, Мьянма Президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайн, Руанда Президенті Поль Кагаме, Сингапур Аға министрі Ли Сянь Лун, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, ФИФА Президенті Джанни Инфантино, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйым жетекшілері, бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шетелдік көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялар мен қаржы институттарының жетекшілері, дипломатиялық миссия өкілдері және басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

Айта кетейік, бүгін, 31 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына үндеу жолдады. Президент 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз