
«Қазгидромет» 2026 жылғы 2 қаңтарға Астана мен Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Астанада күндіз көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең тұман болады. Жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде жауын-шашын (жаңбыр мен қар), бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын сақталып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтауда көктайғақ күтіледі. Күндіз жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман мен көктайғақ болжанады.
Орал қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде қар, бұрқасын және көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел түнде және күндіз күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Таразда мезгіл-мезгіл тұман болады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Талдықорғанда түнде және таңертең мезгіл-мезгіл тұман болады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында түнде қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Күндіз қар, кей жерлерде қалың қар, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз жел күшейіп, екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбеде күндіз кей уақытта қалың қар мен көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Күндіз жел күшейіп, екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Өскеменде тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болжанады.
Шымкент пен Түркістанда мезгіл-мезгіл тұман болады.
Абай облысының оңтүстік-батысында түнде аздаған қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман болады. Жел түнде күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Семейде түнде және таңертең қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с болады.
Мұның алдында еліміздің жеті облысында автокөлік жолдары ашылғаны туралы белгілі болды.