
Сәрсенбі күні АҚШ әскери күштері заңсыз есірткі айналымымен айналысты деп болжанған тағы бес кемеге соққы жасағанын мәлімдеді.
NBC news ақпаратына қарағанда, соның салдарынан сегіз адам қаза тапқан.
Сәрсенбі кешке АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығы бұдан бөлек тағы да екі кемеге шабуыл жасалғанын, оның бірінде үш адам, екіншісінде екі адам қаза тапқанын хабарлаған еді. Қолбасшылық қаза тапқандарды «есірткі террористері» деп атады.
Мәлімдемеде соққылардың нақты қай жерде жасалғаны көрсетілмеген.
«Барлау деректері кемелердің есірткі тасымалының белгілі бағыттарымен қозғалып, наркобизнеспен айналысқанын растады», — делінген АҚШ Оңтүстік қолбасшылығының әлеуметтік желілерде жариялаған хабарламасында.
Бұған дейін сәрсенбі күні АҚШ әскери күштері сейсенбіде есірткі тасымалдады деп болжанған үш кемеге соққы жасап, нәтижесінде үш адам қаза тапқаны хабарланған.
АҚШ бұған дейін 2, 16 және 19 қыркүйекте Кариб теңізінде осындай соққылар жасаған болатын.