Жаңалықтар

Швейцария курортында жарылыс: 40 адам қаза тауып, 100 адам жарақат алған

Зардап шеккендердің басым бөлігі ауыр хәлде / KursivMedia мұрағаты
Зардап шеккендердің басым бөлігі ауыр хәлде / KursivMedia мұрағаты

Швейцариядағы тау шаңғысы курортында орналасқан барда болған жарылыс салдарынан шамамен 40 адам қаза тапты.

Reuters ақпаратына қарағанда,  жарақат алғандардың саны 100 адамнан асып жығылады.

Швейцария билігінің бейсенбі күні хабарлауынша, сәнді Кран-Монтана тау шаңғысы курортында жаңа жылдық кеш өтіп жатқан адамға лық толы барда жарылыс болды. Зардап шеккендердің басым бөлігі ауыр хәлде.

Түнгі сағат 1:30- «Le Constellation» барында өрт тұтанған. Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Алайда билік өкілдері оның жазатайым оқиға болғанын айтып отыр.

Ал Ақтауда көпқабатты үйде газ жарылып, бес адам ауруханаға түскен еді.