Тоқаев Куба Президентін құттықтады
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске құттықтау жеделхатын жолдады.
Онда Қазақстан президенті кубалық әріптесі мен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – «Революцияның салтанатты жеңісі» күнімен құттықтаған.
«Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірген», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тілеген.
Мұның алдында президент қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады.