Жаңалықтар

Трамп АҚШ-тың үш қаласынан Ұлттық гвардияны шығарады

 Трамп қылмыс деңгейі өсетін болса, федералдық күштер қайта оралатынын деп мәлімдеді / фото: Reuters
Трамп қылмыс деңгейі өсетін болса, федералдық күштер қайта оралатынын деп мәлімдеді / фото: Reuters

АҚШ билігі Чикаго, Лос-Анджелес және Портленд қалаларынан Ұлттық гвардия бөлімшелерін шығарады.

Reuters ақпаратына қарағанда, Трамп қылмыс деңгейі өсетін болса, федералдық күштер қайта оралатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шара қылмыспен күресу және федералдық меншікті қорғау үшін қажет болған. Ал аталған қалалардың жергілікті билігі Ақ үй басшысының бұл шешіміне наразылық білдіріп, оны артық қадам деп бағалаған.

«Қылмыс деңгейі қайтадан өсе бастаған кезде біз ораламыз. Бәлкім, мүлде басқа әрі әлдеқайда күштірек форматта. Бұл – уақыт мәселесі ғана», – деп түсіндірді Дональд Трамп.

Бұған дейін Пентагон АҚШ Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлеріне тәртіпсіздіктерді басуға дайын болу жөнінде бұйрық берген еді.

2025 жылғы 27 қыркүйекте Дональд Трамп Портлендке «ішкі терроризммен» күресу үшін Ұлттық гвардия жауынгерлерін жіберді. АҚШ көшбасшысының айтуынша, жергілікті иммиграциялық және кедендік бақылау қызметінің қызметкерлеріне «Антифа» қозғалысын қолдаушылар мен өзге де құқық бұзушылар шабуыл жасаған.

Осы оқиғаларға дейін ол бұл қозғалысты террористік ұйым деп таныған болатын.