VIP-нөмірлер қымбаттады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
1 қаңтардан бастап АЕК 4 325 теңге болды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
1 қаңтардан бастап АЕК 4 325 теңге болды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2026 жылы VIP автокөлік нөмірлерінің құны өсті. Бұған айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюы себеп болды.

Zakon.kz хабарлауынша, 1 қаңтардан бастап АЕК 4 325 теңге болды. Ал өткен жылы ол 3 932 теңге болған. Өсім шамамен 10% болған.

Осыған сәйкес, жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің бағасы да 10%-ға артты.

2026 жылы жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің бағалары

Ең қолжетімді VIP-нөмірлер – әріптері бірдей немесе 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090 және 707 сандық комбинациялары бар нөмірлер. Олардың бағасы қазір 57 АЕК, яғни 246 525 теңге.

Дәл осы сандық комбинациялар, бірақ әріптік белгілері бірдей болса, 114 АЕК немесе 493 050 теңге тұрады.

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900 және 999 сандары бар нөмірлердің бағасы 137 АЕК болды. Яғни, 592 525 теңге. Осындай комбинациялар, бірақ әріптері бірдей болған жағдайда, 194 АЕК немесе 839 050 теңге болады.

Ал 001-009 және 777 сандық белгілері бар нөмірлер одан да қымбат. Яғни, 228 АЕК, яғни 986 100 теңге.

Ең қымбат нөмірлер бұрынғыдай 001-009 және 777 сандары бар, әрі әріптік белгілері бірдей VIP-нөмірлер болып қала береді. 2026 жылы олардың құны 285 АЕК-ке дейін өсіп, 1 232 625 теңге болды.

Айта кететін жайт, енді автокөлікті egov.kz арқылы тіркеуге болады.

Сондай-ақ оқыңыз