Жаңалықтар

Жаңа жыл түні Таразда мейрамхана өртеніп, жүзге жуық адам құтқарылды

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр / фото: Shutterstock
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр / фото: Shutterstock

Тараз қаласында жаңа жыл түні Жамбыл даңғылында орналасқан мейрамханада өрт шықты. Ішінде жүзге жуық адам болған.

Orda ақпаратына қарағанда, екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған жазғы қосалқы құрылыстан өрт тұтанған. Мейрамханадан шамамен 100 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар оттың негізгі ғимаратқа және маңайда орналасқан жанармай құю бекетіне таралуына жол бермеді.

Өрт шамамен 300 шаршы метр аумақ таралғанымен, толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Өрт сөндірушілер отты жедел ауыздықтап, оның мейрамхананың негізгі ғимаратына және жақын маңдағы жанармай құю станциясына таралуына жол бермеді», – деп хабарлады Тараз қалалық ТЖД.

Мұның алдында Атырау қаласының орталығында базар өртенген болатын.