2026 жылдан бастап Қазақстандағы балалар лагерьлерінен лицензия талап етіледі

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Детский лагерь
Фото: shutterstock

Қазақстанда 2026 жылдан бастап балалар лагерьлерінің қызметіне лицензия талап етіледі. Тиісті нормалар Мемлекет басшысы 2025 жылғы 26 желтоқсанда қол қойған заңда көзделген.

Оқу-ағарту министрлігі өзгерістер білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін жыл бойы жұмыс істейтін және маусымдық стационарлық балалар лагерьлеріне қатысты деп түсіндіреді. Түзетулер балалардың демалысы кезінде қауіпсіздік пен қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

2026 жылдан бастап қосымша білім беру ұйымдары екі санатқа бөлінеді. Білім беру-сауықтыру қызметін көрсететін лагерьлер лицензия алуға міндеттеледі. Ал өзге ұйымдар бұрынғыдай хабарламалық тәртіппен жұмысын жалғастырады.

Балалар лагерьлерін лицензиялау 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді. Бұл талаптар балалардың демалысы, оқуы және сауықтыруына қойылатын бірыңғай стандарттарды қамтиды. Лицензияның қолданылу мерзімі бір жылдан бес жылға дейін ұзартылды.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл әкімшілік жүктемені азайтып, сонымен қатар мемлекеттік бақылаудың жүйелі түрде сақталуына мүмкіндік береді. Оқу-ағарту министрлігінде жаңа шаралар білім беру-сауықтыру қызметтерінің бірыңғай стандартын қалыптастыруға және балалар үшін қауіпсіз орта құруға бағытталғанын атап өтті. Қазір қосымша білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді түзету жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз