Алматы облысында 88 млрд теңгеге үй жануарларына арналған азық-түлік зауыты салынады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Түркістан облысы Отырар ауданы мақта зауыты қытай салған зауыт
фото: gov.kz

Алматы облысында үй жануарларына арналған дайын азық өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жоба аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі Mars Petcare Kazakhstan ЖШС-мен Қонаев қаласында зауыт салу туралы келісім жасады. Инвестиция көлемі 88,8 млрд теңгеден асады. Ал кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 100 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Зауытты 2030 жылдың соңына дейін салып, 2031 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу жоспарланған. Кәсіпорында 200 жұмыс орны ашылады. Оның кемінде 85 пайызы қазақстандық мамандарға тиесілі болады. Сондай-ақ компания қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыруды көздеп отыр.

Жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға, қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз